Жетісу облысында «Біз бақытты баламыз» онкүндігі басталды

Онкүндік аясында «Open Air» - «Әншуақ» деп аталатын концерт, экологиялық акциялар, түрлі байқаулар ұйымдастырылады.

Мереке шымылдығы оқушылардың қасиетті орындарға сапарымен түріліп, отбасылық марафонға жалғасты. Отбасылық жарысқа қанша адам қатысып жатыр? 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Ұйымдастырушылардың айтуынша, отбасылық марафонға жүз отбасы қатысып жатыр. Олар бірнеше кезең бойынша яғни еңбектеген баладан, орда бұзар жастағы ер азаматтар әртүрлі қашықтықты еңсеруі тиіс. Сайыстың қалай өтіп жатқанын жанкүйерлердің қолдауынан байқауға болады.  

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Спорттық жарыстан бөлек бүгін Талдықорғаннан 250 бала мінген 11 автобус жолға шықты. Олар шығыстың шоқ жұлдызы атанған Шоқан Уәлиханов атындағы музейге, тұңғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Үштөбедегі тарихи-өлкетану мұражайына, Ақын Сара музейіне құпиясын қойнына бүккен Тамшыбұлаққа барып, саяхаттап қайтады. Балалардың жазғы демалысы жайлы білім басқармасы басшының орынбасарынан сұрап білейік. Гүлмира Тойғанбекқызы биыл қанша бала жазғы демалыспен қамтылады? 

Гүлмира Ахметова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Жалпы онкүндік аясында жас суретшілер байқауы, экологиялық акциялар әртүрлі ойындар мен спорттық жарыстар өткізіледі. Жетісу өңіріндегі балалар мерекесі осылай өтіп жатыр.