Гендерлік теңдіктің жаңа стратегиясы қабылданды
Страсбургте Гендерлік теңдіктің 2024-2029 жылдарға арналған жаңа стратегиясы қабылданды.
Құжат «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және онымен күрес жөніндегі конвенцияның» 10 жылдығына арналған халықаралық конференцияда бекітілді. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Айман Омарова Қазақстанда бұл бағытта атқарылып жатқан істерге кеңінен тоқталды. Еліміз әйелдердің саясат пен экономикаға араласып, қоғамдағы рөлінің артуына күш салып келеді. Жалпы әйелдер қауымының құқығы қазақстандық қоғамның жіті назарында тұр. Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана әйелдер мен балалардың құқығы қамтылған ұлттық заңнамаға қол қойды. Қатысушылар, Қазақстандағы елеулі өзгерістерге назар аударып, біздің тәжірибе өзге елдерге үлгі болатынына сенім білдірді.