Қордай ауданының әкімдігі 700 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Қордай ауданының әкімдігі 700 миллион теңгені негізсіз жұмсамақ болған, деп хабарлайды 24kz.

Әкімдік қажетсіз болса да, 15 ауылдың сантехникалық люктерін ауыстыруға 67 миллион теңге бөлген. Үйлердің құрылысы басталмаған жаңа шағын ауданға, саябақ салу үшін мердігерге 100 миллион теңге аудару туралы шешім шығарған. Сонымен қатар бірқатар коммуналдық мекеменің техникасын жаңартамыз деген желеумен 189 миллион теңге жұмсауды жоспарлаған. Бюджет қаржысын негізсіз бөлу дерегін аудан прокурорлары анықтады.

Мейірлан Садықов, Қордай ауданы прокуратурасының прокуроры:

- Жергілікті атқарушы орган қажетті растайтын құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігінде 700 миллион теңгеден астам қаражатты енгізгені анықталды. Прокурорлық қадағалау актімен бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға ескерту және сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершікке тартылды.