Жамбыл облысындағы оқу-жаттығуға 800-ден аса құтқарушы қатысты
Жамбыл облысында өткен «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына 800-ден аса құтқарушы қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Олар әлеуметтік нысандарда тактикалық-арнайы жаттығу өткізді. Тұрғын үйде өршіген өртті өшіріп, зілзала салдарын жоюмен айналысты. Дайындық кезінде құтқарылғандарға алғашқы көмек те көрсетілді.
Оқу-жаттығу сценариі бойынша Таразда кенеттен зілзала болды. Қалалық емханада болған тұрғындар мен медицина мамандарының барлығы эвакуацияланды. Сейсможаттығуға облыстағы барлық Төтенше жағдай департаментінің мамандары қатысты. Құтқарушылар адамды қауіпсіз жерге алып шығып, ақхалаттылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ал жоғалған адамдарды іздеу үшін Кинология қызметі іске кірісті.
Рүстем Жарамбаев, облыстық ТЖД Кинологиялық қызмет орталығының басшысы:
- Зардап шеккен адамдарды табу үшін 20 минуттай уақыт беріледі. Неғұрлым тез зардап шеккенді тапсақ, соғырлым тезірек бірінші медициналық қызмет атқарылады.
Жамбыл облысында ең қатты жер сілкінісі 21 жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында болған. Ол кезде көптеген тұрғын үй мен әлеуметтік нысан қирап, 21 адам зардап шекті. Жалпы Әулиеата өңірі 7-8 балдық сейсмологиялық қауіпті аймаққа жатады. Мәселен, бірнеше күн бұрын Қордай ауданында 2 балдық жер қозғалды. Сондықтан дайындық жұмыстары жиі өткізіледі.
Руслан Орынбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Оқу-жаттығуға барлығы 102 адам, 15 техника, соның ішінде ТЖД-ның күш құралдары, Полиция департаментінің күш құралдары, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар. Жедел медицианалық көмеук көрсету қызметтері, сонымен қатар бұл жерде жұмылдырылған қызметтің бірі ол – транспорттық инспекция.
Республикалық оқу-жаттығу облыста 2 күнге созылды. Барлық мемлекеттік мекемеде өткен шараға 800-ден аса құтқарушы қатысты. Мамандар өздеріне берілген тапсырманы жақсы орындап шықты, – дейді департамент басшылығы.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә.