Жер сілкінісі кезіндегі әдіс-амал жаңартылып жатыр

Жер сілкінісі кезіндегі әдіс-амал жаңартылып жатыр

Елімізде жер сілкінісі кезінде қолданылатын іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу техникасы қайта жаңартылады, деп хабарлайды 24KZ.

Өскеменде өткен «ЖЕР» командалық оқу-жаттығу барысында тың әдіс тағы пысықталды. Бұл тактика Ауғанстан мен Түркияда сәтті қолданылған. Мәселен, қазақстандық құтқарушылар Түркиядағы жойқын зілзалада мықты ұжымдық жұмыс көрсетіп, 7 адамды құтқарып қалған еді. Ал бүгінгі жаттығу жоспарына сай тербелістен бір ғимарат құлап, өртке оранады. Құтқарушылар көк түтін ішіне арнайы киіммен кіріп, зардап шеккендерді тепловизормен іздейді. Тепловизор тірі ағза температурасын бірден тіркейді. Сонысымен де тиімді. Бұдан басқа, далада штаб құрылып, госпиталь жасақталды. Ауыр техника да жеткізілді. Ал қалада жедел эвакуация ұйымдастырылды. Ол үшін су көлігі де ұтымды пайдаланылды. Өкілетті органдардың әзірлігі де сыналды.

Қахарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:

- Біздің өкілетті органдардың бәрі бірге өзінің жұмыстарын атқарып, көмекті көрсету үшін, одан кейін қай жерде қандай біздің құралдарымыз бар, күштеріміз бар, солардың бәрін бүгінгі оқу-жаттығуда көрсетіп жатырмыз. Өзіміз соны бағалап, ары қарай өсіре береміз.

Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі:

- Бұл жерде біздің қала әкімдігінің 2 бағыты бар. Адамдарды дайындау, адамдарды хабарландыру, оларды шығару, құтқару жұмыстары. Одан кейін, екіншіден, біздің қалалық мекемелер жұмысы, ол: энергетиктер, жылу жүйелері, су жүйелері. Осы жұмыстың барлығын үйлестіру үшін осындай оқу-жаттығу жиындары өте қажет.