Таразда 9 үздік маман марапатталды

Таразда әр салада жемісті еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген 9 қызметкер марапатталды, деп хабарлайды 24KZ.

Рәміздер күніне арналған форумда үздіктерге құрмет грамотасы мен алғысхат табысталды. Олардың қатарында мұғалім, прокуратура қызметкері, полицейлер мен құтқарушылар бар. Солардың бірі – Бекнар Сейітжапаров. Өрт сөндіруші осы уақытқа дейін бірнеше адамды ажал аузынан аман алып қалған. 

Бекнар Сейітжапаров, өрт сөндіруші:

- Марапат иесі болып жатырмыз енді. Әрине, қуаныштымыз. Жалғыз біз емес, көптеген адам алып жатыр, ерен еңбегімізді бағалап жатыр. Еліміздің, жерімідің мемлекеттік нышандарын құрметтеуіміз керек, сыйлауымыз керек, жас ұрпаққа осыны болашақта айтып, түсіндіріп өтуіміз керек.

Айдос Жақсылық, әскери қызметші:

- Ата-бабаларымыз қорғап берген елімізді, жерімізді шын жүректерімен қорғап, отансүйгіштікке баулып, өсіп, жетістіктерге жетуіне тілектеспіз. Жастарымыз осы рәміздерімізді әрқашан да мақтан тұтып жүрсін.