Сенат депутаттары: Баламалы қуат көздерінің үлесін 50%-ке жеткізу қажет
Қазақстан 2050 жылға дейін баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 50%-ға жеткізу қажет, деп хабарлайды 24kz.
Алайда қазір бұл көрсеткіш небәрі 6%. Осыған орай Сенат депутаттары салаға серпіліс беретін жаңа заңды мақұлдады. Құжатта нетто-тұтынушы ұғымы енгізілді. Яғни, жеке тұлға электрмен өзін қамтамасыз етіп, артылған қуатты сата алады. Бұл үшін кәсіпкер ретінде тіркелмеуге де рұқсат беріледі. Мұндай жеңілдік тек жаңартылатын энегия көздерін өндірушілерге қолданылады. Сенаторлардың айтуынша, заң қабылданса, күнделікті өмірге баламалы энергения белсенді енгізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ инфрақұрылым дамып, энергетика секторына инвестиция тарту ісі жеделдейді.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Жеке тұлғалар үйлерінің үстіне жеке күн электр станциясын койып, өз шығынын азайту, біріншіден. Екіншіден, артық болса жүйеге сату, соны қолдау. Әлемдік тұрғыда талқыланып жатқан нәрсе. Тариф өсіп жатыр ғой, сондықтан жеке тұлғалар, шағын бизнес өз шығындарын азайту үшін осындай мүмкіндік болсын деген бастама.