Сенаторлар пойыздар кешіккенде өтемақы беруді автоматтандыруды ұсынды

Депутат Арман Өтеғұлов отандық теміржол саласындағы негізгі проблемаларды көтеріп, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды 24kz.

Қазіргі таңда жолаушылар вагондарының 35%-інің тозығы жеткен. Олардың қолданысқа енгеніне 25 жылдан асқан. 2023 жылы облысаралық бағыттарда теміржол жолаушылар тасымалын субсидиялауға 49 млрд теңге бөлінді. Бюджеттік бағдарлама аясында 62 маршрут қаржыландырылды.

«Бірақ мемлекеттен субсидия алып отырған кейбір компаниялар өз міндетін толыққанды орындамайды», - дейді депутат. Жалпы елімізде жолаушылар тасымалын бір ұлттық 13 жеке компания жүргізеді. Былтыр осындай компаниялардың табысы 120 млрд теңгеден асқан. Оның 108 млрд теңгесі жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі.

Арман Өтеғұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- «Сарыарқа» ЖШС тасымалы компаниясы жеке тұлғадан мемлекеттік меншікке қайтару. Екіншіден, республикадан бөлініп жатқан 140 вагонды Орал бағытына да жаңа вагонды бөлуді тапсыру. Пойыздар кешіккен жағдайда өтемақы қайтару процесін автоматтандыру және оның мөлшерін көбейтуді қарастыру. Ол өз кезегінде жауапкершілікті күшейтіп, себепсіз кешігудің алдын алған болар еді.