Бірқатар өңірде су тасқынынан қырылған мал шығыны толық өтелді

Еліміздің бірқатар өңірінде тасқын судан қырылған мал шығыны толық өтелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.

Одан бөлек, министрлік ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын әзірледі. Аталған ережелер бойынша шығынды бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеу көзделген.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша республика өңірлерінде өлім-жітімге ұшыраған жануарлардың саны 12 450 басты құрайды. Өлген жануарлардың барлық өлекселері жиналып, жойылды. Жалпы залалдың 100%-і өтелді.