Ұлытауда «Жасыл ел» жастар жасағының кезекті маусымы басталды

Ұлытау облысында «Жасыл ел» жастар жасағының жиырмасыншы еңбек маусымы басталды.

Биыл жоба аясында 14 пен 35 жас аралығындағы 600-ге жуық тұрғын жұмыспен қамтылды. Еңбек сарбаздары Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылды.  Олар "Жасыл Ел" жастар еңбек жасағының демеушілігімен түрлі тақырыптық шаралар мен экологиялық акцияларға қатысады.

Шұғыла Мұратхан, Жәйрем ауылының тұрғыны:

- "Жасыл елдің" осы қалаға, облысқа берер пайдасы зор. Сондықтан ең бірінші Отанға қызмет еткің келсе, осы "Жасыл ел", яғни тазалыққа көңіл бөлу жөн деп ойлаймын.

Жұмажан Өтегенов, қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы:

- "Жасыл ел" жобасына жылдан-жылға жастарымыздың сұранысы артып келе жатыр. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Жасыл ел" жастар еңбек жасағынынң жұмысы осы "Таза Қазақстан" акциясының тамаша жалғасы деп білеміз. Ұлытау облысының жергілікті бюджетінен осы "Жасыл ел" жобасын қаржыландыруға 60 млн-ға жуық теңге қарастырылған.