Су тасқыны: БҚО-да құрылыс барысын онлайн бақылауға болады

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан бүлінген үйлердің құрылысын онлайн бақылауға болады, деп хабарлайды 24kz.

Бейнекамералар Қаратөбе, Сырым, Теректі және Бөрлі аудандарындағы сегіз ауылда орнатылды. Елді мекендерде 401 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

«Мұндай шара жұмыс сапасын қадағалауға септігін тигізеді» - дейді мамандар. Онлайн бақылау үшін облыс әкімдігінің сайтындағы бейнебақылау сілтемесін алу қажет.

Нұрсұлтан Нұрлан, Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:

- Бейнекамералар әр ауылға екеуден қойылды. Подстёпное, Аңкаты, Өлеңті, Бұлдырты, Қоржын, Кеңтүбек, Ақсу және Пугачёво елді мекендерінде орнатылды және gov.kz порталына қосылған. Камералар құрылыс жұмыстарын тәулік бойы көрсете алады.