Қостанай облысында 366 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жерге қатысты халықтан түсетін шағым-өтініштердің 90%-ы жайылымдық және шабындық алқаптардың тапшылығына қатысты болады.

Қалғаны жер пайларын ресімдеу, құжаттарды заңдастыру және басқа да мәселелерді қамтиды. "Жер аманаты" комиссисының мәліметі осындай. "AMANAT" партиясы бастаған жоба аясында 3 мыңнан астам өтініш қаралған. Көпшілігіне оң шешім шығып, жер телімдері халық игіліне қайтарылды.

Қостанай облысында былтыр 363 мың гектар, жыл басынан 89 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жер учаскелерін азаматтар өз еріктерімен қайтарған. Кейбірі сот арқылы қайтарлыды. «Жер аманаты» жобасы аясында биыл облыста 52 заң бұзушылық анықталды. Биыл игерілмей жатқан 150 мың гектарды мемлекетке қайтару жоспарланып отыр. 

Болат Сұлтанов, "Жер аманаты" аймақтық комиссиясының хатшысы:

- Негізі жайылымның жетіспеушілігіне көп назар аударамыз. Қазіргі таңда біздің облысымыздың оңтүстік өңірлерінде осы жайылым жетіспеуі байқалады. Әсіресе ауылдың маңайында. Халықтың көп арызы сол ауылдың маңайында жайылым жетіспеушілігі жөнінде.

Игерілмеген учаскілерді анықтау үшін өңірде ғарыштан бақылау технологиясы енгізілген. Енді жер өз мақсатында пайдаланылмаса не бос жатса бірден нұсқама жіберіледі. Ал талап бір жылдың ішінде орындалмаса, жер телімі мемлекет меншігіне өтеді. Айта кету керек, сот шешімімен қайтарылған жерлердің иелері қара тізімге еніп, 3 жыл бойы жер алу құқығынан айрылады. 

Мұрат Теміржанов, ҚР АШМ Жер комитетінің төрағасы:

- Егер жердің иесі біздің предписанияға қарсы шығып сот шешімімен қайтаратын жағдайда бұл жердің иесі біздің қара тізімге енетін болады. Екі жылдың ішінде біз 10 млн гектар қайтардық. Осы жылғы сәйкес бізге 2 млн гектар берілетін болды. Осы екі миллион гектардың қазіргі күнге біз уже жартысын қайтардық.

Павлодар облысы

Ал Павлодар облысының Аққулы ауданында жылдар бойы бос тұрған егістік алқаптары анықталды. Ал жайылымды пайдалануға алғандардың атына бірде бір мал басы тіркелмеген. Бос жатқан 36 мың гектар жер тіркеліп, оның 24 мың гектары аймақ тұрғындарына қайтарылды. Заңсыз әрекеттері үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды.

Әділ Жұмабеков, қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры:

- Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 миллиард теңгені құрайтын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды. Он жер пайдаланушы жерді өз мақсатына сай пайдалануға кірісті. Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

«Жер аманаты» жобасымен мемлекет меншігіне қайтарылған учаскілердің басым бөлігі жайлымдық жерлер. Нақтыласақ 295 мың гектар. Қалғаны шабындық және егістік алқаптар. Жалпы жыл соңына дейін 2 млн гектарға жуық жерді мемлекет иелігіне қайтару жоспары бар.