Өскеменде туристер үшін визит-орталық ашылды
Өскемен қаласында визит-орталық ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Онда облыстың туристік әлеуеті жайлы толық ақпарат жинақталған. Өлкенің ну орманы, асқар тауы, көлі мен шөлі жайлы түрлі мәлімет бар. Мамандар туристерге қандай саяхат түрін таңдау керегі жайлы бағыт береді. Ең кереметі, жұрт ұлттық құндылықтармен, салт-дәстүрмен танысып, қазақ дастарханынан дәм татады. Қонақтарға құжат рәсімдеу жағынан да көмек көрсетіледі. Былтыр өлкеге 400 мың турист келген. Биылғы көрсеткіш одан да көп болуы мүмкін. Визит-орталық этноауыл ішінде қызмет көрсетеді.
Дәулет Талғатов, ШҚО Туристік ақпараттық орталық басшысының орынбасары:
- Неге осы жерде ашқан десеңіз, осы жерде сол жағалау парк орналасқан өте көп турист келеді. Сол паркке келген туристер бізге келеді. Әрине, ең бірінші бізге кеп ақпараттар алып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жол жүреді.