Таразда АЭС салу бойынша жария талқылау өтті
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр қуатына қажеттілік жоғары, деп хабарлайды 24kz.
«Энерготәуелділіктен арылудың бір жолы – өзімізде атом электр станциясын салу», - дейді сала мамандары. Бұл жайында Таразда өткен жария талқылауда айтылды. Жиында физиктер Атом электр станциясының ел экономикасы мен қоршаған ортаға тигізер әсеріне тоқталды. Мамандардың айтуынша, қуаты 1000 мегаваттық атом электр станциясы жыл сайын 4 миллион тонна парниктік газдар шығарындыларын азайтады. Сонымен қатар мамандар: «заманауи құрылғылармен жабдықталған атом электр станцияларында ауқымды апат мүлдем болмайды», деп сендірді. Әрі онда өндіретін энергия көзі арзан, экологиялық таза екенін айтады. Жалпы жыл сайын елімізде электр энергиясын тұтыну 3%-ке өсуде. «Бұл мәселені шешу үшін жаңа энергия көздерін пайдалану керек», - дейді ғалымдар.
Саябек Сахиев, «Ядролық физика институты» РМК бас директоры:
- Чернобыль АЭС-нан кейін талаптар еселеніп күшейді. Белгісіз жағдайлармен балқып кететін болса, онда түбінде сол қазандық және радиациялық бөлімдер сыятындай үлкен ор қазылып қояды. Ол бетондалып қояды. Сондықтан бірден радиация таратпас үшін сондай локализация ойлап табылған. Қорғанысты басқару жүйесі дейді, ол да қазір, мысалы, өте жоғары деңгейге шығарылған.