Абай облысында өндірістегі жазатайым жағдай көбейді

Абай облысында 5 айда 63 адам өндіріс орнында жарақат алып, екеуі мерт болды, деп хабарлайды 24KZ.

«Жазатайым оқиға көбейіп барады», – дейді мамандар. Өңірдегі зауыт, фабрика жұмысшыларына арнайы семинар ұйымдастырылып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Ал дәрігерлер жарақат алған адамға қалай алғашқы медициналық көмек көрсету керектігін үйретті. Семинар биыл көктемде ыстық су құбыры жарылып, 4 адам ауыр жарақат алған кәсіпорында өтті.

Зәуреш Исабаева, кәсіподақтар ұйымының төрағасы:

- Таңертең жұмысқа сау кеткен адам кешке үйіне сау қайтуы керек. Ол, әрине, адамның өзіне де байланысты. Екінші жағынан, жұмыс берушінің міндеті. Дұрыс қауіпсіздікті сақтау, техникалық инспекторларды үйрету керек.