Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма?
Бүгін елде бұрынғы уақыт белдеуін қайтару мәселесін талқыға салатын жұмыс тобы құрылды.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Арнайы комиссия халықтың уәжін саралай келе, 40 күн ішінде нақты шешім шығарады. Осыған дейін жаңа уақыт белдеуі жұмыс өнімділігі мен ұйқының сапасына зардабын тигізді деген шағым көбейген. Бұрынғы уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция 50 мың қол жинады. Алайда комиссия мүшелері бұл тек субъективті пікір дейді.
Сұлтан Төлеуханов, Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының профессоры:
- Сонымен барлығының айтып жатқаны: «біз ерте тұрғанда ерте жататын болып жүрміз, бір сағат азайып кетті». Ол субъективті әңгіме. Айтайын дегенім, бірінші табиғат заңы тұруы керек. Содан қоғамдық социалды заңдар шығуы керек. Керісінше емес, социалды деген ол субъективті, біздің пікірімізбен байланысты.