Абай облысында «Ауылдағы бизнес» жобасы жүзеге асып жатыр
Абай облысында өз кәсібін ашқысы келетін әйелдерді қолдауға бағытталған «Ауылдағы бизнес» жобасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Семейде өткен жиында өңірдегі барлық қала мен аудандардан келген кәсіпкер қыз-келіншектер бас қосты. Былтыр Абай облысында мемлекеттік грант алуға 300-ге жуық өтініш түскен. Мақұлданған жиырма екі жобаның он екісі нәзік жандыларға тиесілі. Бұл мақсатқа қазынадан 49 млн теңге бөлінді.
Мұрат Мәлікаждар, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөліміннің басшысы:
- Біреулерінде бренд болған жоқ. Брендін жасауға көмектестік. Біреулерінде кейбір құжаттарымен проблемалар болды. Соны «Amanat» партиясы көмектесіп берді. Әртүрлі жағынан көмектесеміз. Мемлекеттік қолдау көздерін алып беруге. Қатыстыруға көмектесеміз.