Елордада Полиция күні қарсаңында көшпелі фотокөрме ұйымдастырылды
Елордада Қазақстан полициясы күні қарсаңында көшпелі фотокөрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.
Мұнда қойылған 20 туынды тәртіп сақшыларының табандылығы мен қырағылығын насихаттайды. Себебі, фотосуреттер азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін тәулік бойы қорғайтын полицейлердің жұмыс барысын қамтиды. Ішкі істер министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған көрме көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Келушілер түрлі-түсті фотосуреттерді тамашалап қана қоймай, аталған ведомство мен Ұлттық ұланының үрмелі аспаптар оркестрінің музыкалық шығармаларын да тамашалады. Көшпелі көрме алдағы күндері қаладағы сауда үйлерінің бірінде және ведомство қабырғасында да ұйымдастырылады.
София Орынбасарова, ҚР Ішкі істер министрлігі ақпараттық саясат департаментінің қызметкері:
- Жалпы айтқан кезде біздің полициямыз құқық бұзушылықты алдын алумен ғана шектелмей, жалпы Қазақстан бойынша төтенже жағдай кезіндегі режимінде алдыңғы орында табылады. Өйткені жақында болған су тасқыны кезінде, өрт кезінде тәртіп сақшылары өз міндеттеріне адал болып, суға батқан азаматтарды судан құтқарып, үлкен марапатқа ие болды.
Бейбіт Есберген, қалалық полиция департаменті мамандандырылған батальонының аға инспекторы:
- Біз енді халыққа көмектесуге әрқашанда дайын боламыз. Біздің жұмыс күнделікті халықпен жұмыс істеу. Қандай қылмыстар болсын не болсын соны біз алдын ала қызмет жасаймыз.