«Күшіміз бірлікте» әскери ойындарының жеңімпазы анықталды
«Күшіміз бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойынының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды 24kz.
«Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының шешуші сайысына қатысқандар жеңіс үшін аянып қалмады. Финалдық ойындарға Ақмола облысының Десанттық-шабуылдау әскерлінің сарбаздары, Қарағанды қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің командалары қатысты. Ал ақтық сында Қазақстанның намысын Астана қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжі қорғады. Тас-түйін дайындалған жас жауынгерлер бағдарлау, түрлі кедергілер мен мина-жарылғыш тосқауылдарды және аймақтың ластанған учаскесін еңсеру дағдыларын көрсетті. Өңірлер арасында эстафетаның барлық кезеңдерінен Ақмола облысының құрамасы сүрінбей өтіп, үздік көрсеткішке жетті.
Томирис Кенжетай, қатысушы:
- Біздің «Айбын» әскери патриоттық клубымыз ең үздік бірінші орын алған 4 командамен сайысып жатыр. Біз оларға сенеміз, қобалжып отырмыз. Үйге абыроймен қайтқымыз келеді. Біз гран-при алуға тырысамыз.