БҚО-да 54 шақырым электр желісі жөнделді

Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында су тасқыны кезінде бүлінген электр желілері қалпына келтіріледі, деп хабарлайды 24kz.

Бұл мақсатқа Үкіметтің төтенше жағдайлар резервінен миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жауапты сала мамандарының айтуынша, алты елді мекенде 54 шақарым электр сымы жаңартылады. Бұдан бөлек, су тасқыны кезінде Сырым, Қаратөбе және Теректі аудандарында инженерлік коммуникацияға да нұқсан келген. Жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Аймақта электр желілерінің тозуы 80%-тен асады. Жергілікті атқарушы билік бұл мәселені кешенді инвестициялық бағдарлама аясында шешпек. Былтыр екі мың шаршы метрден астам электр тарату желісі жөндеуден өтті.

Мирас Мұлқай, БҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Қаржыландыру жоспарына сәйкес бірінші жұмыс осы айда басталуы тиіс. Жылыту маусымына дейін аяқтауымыз керек. Біздің электр тарату желілерінің тозып кеткені бәріне белгілі деп ойлаймын. Егер Үкімет қаржы бөліп отырған ең әлсіз жерлерді жөндеуден өткізбесек, жылыту маусымында қиындықтар туындауы мүмкін. Соған сәйкес, нақты зақым келген жерлерді таңдап алдық.