Өңірде өрт сөндіру бөлімшелері тапшы
Павлодарда өрт сөндіру бөлімшесі жетпейді. Қалаға кем дегенде 10 өрт сөндіру бөлімшесі қажет болса, оның үшеуі ғана бар.
Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Рақымжанов өңірдегі өрт сөндіру қызметінің ахуалымен танысты.
Депутаттың айтуынша, қордаланған мәселе жетерлік. Әсіресе өрт сөндірушілердің әлеуметтік жағдайы алаңдатады. Олардың қазіргі еңбекақысы 180 мың теңге шамасында. Бұл тұрғын үй алуға жетпейді. Одан қалды шипажайлық емдеу шаралары қарастырылмаған. Бұның бәрі кадр тапшылығына әкеліп отыр.
Асхат Рақымжанов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Өрт сөндірушілердің қызметіне қарай заң негізінде жұмыс істеудің мағынасы бар және ол қисынды болады деп ойлаймын. Мен бұл мәселелерді комитетте көтеремін. Осы сапар аясында барлық проблемалық сұрақтардың шешу жолдарын қарастырамыз.