Жаңатаста арнайы комиссия құрылды
Жаңатас қаласындағы залалды арнайы комиссия тексереді, деп хабарлайды 24KZ.
Кеше болған толассыз жауын салдарынан 47 үй, 1 әлеуметтік нысан мен 400 ауланы су басқан. Тіпті аудандық маңызы бар Жаңатас-Саудакент жолын уақытша жабуға тура келді. Жергілікті атқарушы орган, құтқарушылар мен полицейлерден құралған 230-дан аса адам түні бойы ағын сумен күресіп, қауіптің бетін қайтарды. Бұл жұмыстарға 53 техника, 24 мотопомпа мен дрон пайдаланылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір елді мекенді облыс әкімі Ербол Қарашүкеев аралап жүр.
Арман Тоқанов, облыстық ТЖД бастығы:
- Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мал шығыны жоқ. Зардап шеккен халықты қабылдау үшін М. Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды.