Шығыста мореналық көлдерге әуеден зерттеу жүргізілді

Шығыс Қазақстанда Сарымсақты өзеніне аэровизуалды зерттеу жүргізілді.

2500 метр биіктіктен мұздықтардың қарқынды еруінің нәтижесінде пайда болған 19 мореналық көл анықталды. «Қазселденқорғау» мамандары мен облыстық төтенше жағдай қызметкерлері сел қаупін бағамдау мақсатында елдімекендерді ауадан және жерден бақылайды. Соңғы тексеріс қорытындысы бойынша өңірдегі жағдай тұрақты.

Аяулым Кикиева, ШҚО ТЖД Алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Облыс аумағында бізде 144 мореналық өзендер бар. Олар 11 елді мекенге қауіп төндіруі мүмкін. Селқауіпті мерзім басталғалы бері облыс аумағында 9 мерзімдік және 1 жыл бойғы гидропост жұмыс атқаруда. Күніне 3 уақыт ақпарат диспетчерлік пунктқа беріліп тұрады.