Ақтөбе облысында АЭС салу бойынша талқылау өтті
Ақтөбеде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша талқылау өтті.
Келелі кеңеске экологтар, облыс тұрғындары, қоғам қайраткерлері және жауапты министрлік өкілдері қатысты. Жиында қазіргі электр орталықтарының кеңес кезеңінен бері қызмет етіп келе жатқандығы айтылды. Ал жаңа атом станциялары салынса елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тозығы жеткен нысандарды аумастыруға мүмкіндік туады. Қазір құрылыс қайда бойкөтеретіні зерттеліп жатыр. Абай облысы Курчатов ауданы және Алматы облысының Үлкен ауылы таңдауда тұр. Екеуі де жарамды. Бұл туралы "Қазақстандық атом электр станциялары" серіктестігінің бас директоры Тимур Жантикин мәлімдеді.