Биыл Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 16 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Конго-Қырым қызбасының 16 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды 24kz.

Мұны санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары мәлім етті. Зәуре Ахметованың айтуынша кене шаққан 8 науқас емделген. 115 адам медициналық бақылауға алынды.

Зәуре Ахметова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Республикада 4 өңірде: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары бар. Жыл сайын өңірлердің әкімдіктері мен аумақтық сан-эпидемиологиялық бақылау департаменттері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттанудың алдын алу мақсатында көктемде кенеге қарсы іс-шаралар өткізеді.