БҚО-дағы Қоржын ауылында 90 үй салынып жатыр
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Қоржын ауылында да бір пәтерлі 90 үй салынып жатыр деп хабарлайды 24kz.
Бұл – өңірдегі шалғай аудандардың бірі. Үкімет басшысы осы ауылға арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Бүгінде үйлердің іргетасы толық қаланды. Бұған дейін Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша учаскедегі құрылысшылар саны 30%-ке артқан болатын. Сөйтіп, еңбек күші 288-ге жетті. Ауылда 6 мердігер бар. Оларға қойылған талап та қатаң. Сондай-ақ ауылдағы 400 орындық мектеп жөнделіп жатыр.
Тұрсынбек Хайруллин, Қоржын ауылының тұрғыны:
- Осы ауылдық округ суға кетті түгелдей. Аққозы ауылы жапа шекті түгелдей тасқын судың кесірінен. Құрылысшылар келіп, өз орнымызда қалған, көше бойында қалған 9 үйді алып, жасап жатқан жігіттерге рахметімізді айтамыз. Тамыздың 15-іне кіргіземіз деп уәде беріп отыр. Жүріп жатыр жұмыстары. Ризамыз. Енді жаңа қонысқа кірсек деген үмітіміз бар ертерек.
Исмағұл Мейірман, мердігер:
- 24 үйдің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Мамыр айының соңында бастаған болатынбыз. Тамыз айының соңында аяқтаймыз. Қазіргі уақытта кірпіш қалау жұмыстары бітті. Енді төбе жабу жұмыстары, ішкі әрлеу жұмыстарын жасап жатырмыз.