Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг Агенттігі хабарлады. Күдіктіге қызметтік өкілеттігін тиісті мүддеге қайшы пайдаланды деген айып тағылды. Оның бұл әрекеті мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдары аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында зауыт қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп күдіктелуде. М.А. Мұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.