Курортты аймақтарға барған туристер саны
Биыл алғашқы тоқсанда Қазақстанның курортты аймақтарына 770 мыңға жуық адам барған.
Туризм және спорт министрлігі осы аралықта саяхатшылардың сұранысына ие болған аумақтар тізімін жасады. Көш басында Алматы тау кластері тұр. Мұнда 550 мыңнан астам турист демалды. Екінші орында Щучъе-Бурабай курорттық аймағы орналасқан. Оған 70 мыңға жуық адам барған. Маңғыстау өлкесі үздік үштік қатарында. Бірегей табиғи ландшафт пен Каспий теңізінің жағалауында 57 мыңдай турист тыныққан. Ал бестікті Түркістан мен Алтай аймақтары түйіндеп тұр. Тарихи-мәдени мұралар мен тұмса табиғатты көру үшін бұл екі өңірдің әрқайсысына 20 мыңнан астам адам саяхаттаған.
Курорттық аймақтарға барған туристер саны
( 2024 ж. қаңтар-наурыз )
Алматы тау кластері - 552 мың турист
Щучье-Бурабай - 69 мың турист
Маңғыстау - 57 мың турист
Түркістан - 26 мың турист
Алтай - 20 мың турист