ҚР АШМ: Астық сақтайтын орын жеткілікті
Елде астық сақтауға арналған қоймалардың сыйымдылығы 30 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Оның 13 миллионы элеваторларда, ал қалғаны диқандардың өз қамбасында сақталады. Қазір өнімді қабылдау үшін материалдық-техникалық базаны дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің айтуынша, биыл ауа райы егістік науқанына қолайлы болды. Астықты рекордтық мөлшерде жинауға да мүмкіндік бар. «Бұған элеваторлардың қуаты мен астық қоймаларының сыйымдылығы жеткілікті», - дейді мамандар.
Мәрлен Оспанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы:
- Қажетті мөлшерде астық пен дақылдарды сақтауға қоймалар жетеді. Соңғы 10 жылда қоймалардың сыйымдылығы 7 млн тоннаға артты. Ол жылдан жылға ұлғайтыла береді. Оның біразы астықты аймақтарда, яғни, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында салынып жатыр.