14 млрд теңге. Ата-ана балаға қарыз
Жауапсыз ата-аналар балаларына 14 миллиард теңгеден астам қарыз, деп хабарлайды 24kz.
Бүгінде алимент өндіріп алу бойынша 292 мың өтініш іске асырылып жатыр. Оның 13 мыңға жуығы проблемалық жағдайлар. Борышкерлердің көбі ер адамдар. Олар саны 97%-ті құрайды және 3%-ке жуығы әйелдер. Әділет министрлігінің хабарлауынша, өткен жылмен салыстырғанда жағдай жақсарды. Проблемалық істер төрттен бір бөлікке қысқарды, ал қарыздың жалпы сомасы, үштен бір бөлікке азайды.
292 мың іс – орындалуда, оның ішінде
12 883 іс проблемалық – ₸ 14,6 млрд
Ерлер – 97,1%
Әйелдер – 2,9%