«7-20-25» бағдарламасы бойынша 75 мыңнан астам несие берілді
Осы уақытқа дейін "7-20-25" бағдарламасы аясында 1 трлн 35 млрд теңге несие берілді.
Яғни 75 343 адам несие алып, қоныс тойын тойлады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Несие алғандар көрсеткіші бойынша Астана қаласы көш бастап тұр. Елордада бағдарлама аясында 27 415 өтініш мақұлданып, 435 млрд теңгеге жуық қарыз берілді. Бұдан кейінгі сатыда 15391 өтініммен Алматы қаласы орналасты. Алматылықтар 241 млрд теңгеден астам қарыз алды. Сондай-ақ алғашқы үштікті еліміздегі тағы бір мегаполис Шымкент қаласы түйіндеді. Мұнда жалпы құны 70 млрд теңгеден асатын 5582 өтінімі мақұлданған.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша мәлімет
БАРЛЫҒЫ – 75 343 несие немесе ₸1,035 трлн
АСТАНА – 27 415 несие немесе ₸434,9 млрд
АЛМАТЫ – 15 391 несие немесе ₸241,2 млрд
ШЫМКЕНТ – 5 582 несие немесе ₸70,5 млрд