Берік Әлібайдың зергерлік өнер жайлы кітабы жарыққа шықты
Көне дәстүрді қайта жаңғыртқан зергер. Күмістен түйін түйген шебер Берік Әлібайдың зергерлік өнер жайлы кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды 24kz.
Қолөнер шебері өз туындысында ұрпақ сабақтастығын жалғастырудың жарқын мысалын көрсеткен. Қазақ мәдениетінің байлығы мен сұлулығын зергерлік бұйымдары арқылы жеткізген. Сондай-ақ автордың мерейтойына орай Ұлттық музейде жеке көрмесі де ашылды. «Ұрпаққа мұра» атты көрмеге зергердің 160-қа жуық авторлық туындысы қойылды. Сал-серілердің бұйымдары мен асатаяқ, ер-тұрман, қару-жарақ, сынды дүниелерін көруге болады.
Айта кету керек, шебер қазақ халқының дәстүрлі зергерлік қолөнерін әлемге паш етіп, мәдениетіміздің дамуына теңдессіз үлес қосып жүр. Оның авторлық жұмыстары еліміздің музей қорлары мен шетелдік галереяларда сақтаулы тұр.
Берік Әлібай, зергер:
- Бұрын ешқайда көрсетілмеген «Біржан сал» жиынтығы, үкілі бөріктер, асатаяқтар бүгін ғана көрмеге қойлып отыр. Мен әлі күнге дейін бәрін қолдан жасауға тырысамын. Өйткені қол еңбегі әрқашан бағаланады. Технология қанша дамыса да, көрініп тұрады.
Ералы Оспанұлы, суретші:
- Қазақстанда мен білетін зергерлерден осы Берік Әлібай ата-бабасымен зергерлер. Қазақтың ескі нұсқадағы бұйымдарын жаңаша жасап, өрбіткен. Бағзы замандағы өнерін дамытқан сонысымен қызық.