Судан зардап шеккен өңірлерді баспанамен қамтамасыз ету мерзімінде аяқталуы тиіс
Су басқан өңірлердегі қамкөңіл ағайынды баспанамен қамту жалғасып жатыр.
Қазіргі таңда апатты деп танылған 8 650 үйдің иесіне жаңа баспана дайындалуда. 2 мыңнан астам жаңа үй салынып жатыр, тағы 2 431 нысанның іргетасы тұрғызылды. Қалған бөлігінің қабырғасы қаланып, шатыры жабылды. Ал жөнделуге тиіс нысандардың 97 пайызы аяқталды. Сатып алу жоспарланған баспанының 81 пайызы иелеріне табысталды. Премьер-министр Олжас Бектенов қалпына келтіру жұмыстарын мерзімінде орындауды тапсырды. Жұмыс белсенді жүргізілсе де кестеден кешігу фактілері бар екеніне тоқталды. Енді инфрақұрылымдарды қалпына келтіріп, әлеуметтік нысандарды жаңғырту міндеті тұр.