АЭС құрылысы туралы алматылықтардың пікірі

Алматы еліміздегі ірі мегаполистің бірі. Бүгінгі таңда Алматы агломерациясында 3,5 миллионнан астам адам тұрады.

Өңірде жұмыс істейтін кәсіпорындар да аз емес. Болашақта энергия тапшылығы туындауы бек мүмкін. Үкімет сұранысты өтеудің бірден-бір жолы атом электр станциясы деп отыр. Атом электр станциясын салу мәселесі референдумда шешіледі. Осы орайда Алматы қаласының тұрғындары қандай пікірде? Тыңдап көрейік...

- Пайдалы болады деп ойлаймын. Бұл таза энергия. Қауіпсіздігіне көңіл бөлу қажет.

- Заманға сай болып тұр ғой. Қазір керек болып тұр ғой. Бізге елімізге, жерімізге керек болып тұр. Халықтың саны өсіп жатыр. Мен енді қатты зерттеген жоқпын. Бірақ та қазіргі заманға даму үшін, біздің еліміз даму үшін қажетті нәрсе деп ойлаймын.

- Территориямыз үлкен боғланнан кейін электр энергиясы көп қажет болады ғой. Халыққа тастап отыр ғой шешіңіздер деп. Енді менің ойымша келешекте бізге энергия керек болса АЭС салуға болады. Пайдалы болса ғана салу керек. Зияны тимейтін болса ғана. Жапониядағыдай халыққа зияны тиіп жатса ол да дұрыс емес.

- Бұл саланың маманы немесе сарапшы емеспін. Қалалар мен жалпы елдің энергияға сұранысын өтеу керек.

- Дамыған мемлекеттердің барлығында бар ғой. Жапония деген мемлекет сияқты. Енді Қазақстанның өзіне пайдасы тиеітн болса алдағы уақытта салған дұрыс.

- Энергия тапшылығы бар. Сондықтан АЭС құру дұрыс деп ойлаймын. Оны табиғи тәсілмен күн арқылы, жел арқылы энергияны табу мүмкіндігі аз. АЭС көп мемлекеттерде бар. Японияда бар, Ресейде бар.