Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау
Еңбек инспекторлары жұмыскерлер құқықтарының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейтті.
Жыл басынан бері анықталған заңбұзушылықтар былтырғыдан 8 пайызға көп. Тиісті талаптарды бұзған жұмыс берушілерге 3 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Еңбек дауларының көбі келісім-шарт жасамау, заңсыз жұмыстан шығару және жалақыны уақытылы төлемеуге қатысты болып отыр. Биыл 259 кәсіпорында 15 мыңға жуық жұмыскерге жалақы төленбегені анықталды. Қарыздың жалпы көлемі 3 млрд теңгеден асқан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, 2,6 млрд теңге қайтарылды.
Еңбек дауы көбейді - 8%
2 900 әкімшілік хаттама
Жалақы алмаған - 15 000 адам
Құқығы қорғалды - 13 200 адам
Қарыз - ₸3,3 млрд
Қайтарылды - 2,6 млрд