Биыл 109 жұмысшы жазатайым мерт болған

Биыл елде еңбек қызметіне байланысты 809 жазатайым оқиға тіркелді.

Олардың басым бөлігі Қарағанды облысында болған. Аймақта 86 адам еңбек қызметі кезінде жарақаттанған. Екінші орында Қостанай облысы – 76 , одан кейін Абай облысы, онда 61 жұмысшы зардап шеккен. Оқыс оқиғалардың ең азы Шымкент қаласында, 9 жағдай тіркелген. Ал республика бойынша қызмет барысындағы жазатайым оқиғадан 109 жұмысшы опат болды. Мұндай есепті ұлттық статистика бюросы жыл сайын жүргізеді. Олардың талдауы бойынша жарақат алу қаупі аса жоғары қызмет түрлері де белгіленген. Айталық, 2023 жылғы есеп бойынша бірінші орында өңдеу саласы, жалпы жағдайдың 34,1 пайызын құрайды. Екінші 20,5 пайыздық көрсеткішпен тау-кен өнеркәсібі тұр. Ал үшінші орында құрылыс саласы, жазатайым жағдайлардың 14,1 пайызы осы қызметте орын алған. Сондай-ақ ең көп таралған кәсіптік аурулар да анықталды. Былтыр 414 адам спецификалық емес арқа ауруына, ал 136 адам құрамында кремний бар шаңнан туындайтын пневмокониозға шалдыққан.

Еңбек қызметіне байланысты жарақаттану

Зардап шеккендер – 809

Қайтыс болғандар – 109

Қарағанды облысы – 86

Қостанай облысы – 76

Абай облысы – 64

Алматы – 61

ШҚО – 59

Павлодар облысы – 55

Ақтөбе облысы – 43

Маңғыстау облысы – 41

Ақмола облысы - 43

Астана – 41

БҚО – 34

Түркістан облысы – 34

Жамбыл облысы – 33

Алматы облысы – 32

Қызылорда облысы – 30

Ұлытау облысы – 22

Атырау облысы – 20

СҚО – 18

Жетісу облысы – 16

Шымкент – 9

Жарақат алу қаупі аса жоғары қызметтер

Өңдеу саласы – 34,1%

Тау-кен өнеркісібі – 20,5%

Құрылыс саласы – 14,1%

Кәсіптік аурулар

Спецификалық емес арқа ауруы – 414 адам

Құрамында кремний бар шаңнан туындайтын пневмокониоз – 136 адам