Б. Нұрғазиева: Қоғамдық кеңестерде 100% қоғам өкілдері болу керек
Қоғамдық кеңестер атына заты сай болып, тек қоғам белсенділерінен жасақталу керек. Үйлестіру орталығында өткен жиында мамандар осылай деді.
Қазір мұндай құрылымдағылардың 30%-ы – мемлекеттік орган қызметкерлері. Жиында тиісті заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Елде 260 қоғамдық кеңес бар. Олар түрлі мәселелерді шешуге, әлеуметтік бастамалар көтеруге атсалысып жүр. «Алайда азаматтық институттың рөлін одан әрі арттыру қажет», – дейді сөз алғандар.
Бану Нұрғазиева, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті:
- Қоғамдық кеңестерде 100% қоғам өкілдері болу керек, мемлекеттік қызметте істемейтін. Біздің ауылға, біздің ауданға мынау керек, ең бірінші деген мәселелерді көтеруге болады. Содан кейін ғана мәслихат депутаттары қарайды. Мықты, тәжірибелі мамандар, содан кейін ішінде жастар да болу керек. Олар көру керек.