Алматыда 600 орынға арналған жаңа мектеп ашылды
Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орынға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24kz.
Қала бойынша биыл мектеп партасына 308 мың оқушы отырды. Ал бірінші сыныпқа 28 мың бала қабылданды. Қазір арна тілшісі Алмас Садуақас салтанатты іс-шарадан эфиргі қосылуға дайын.
Алмас Садуақас, тілші:
- №97 мектеп Әуезов ауданында, бұрынғы апатты мектептің орнына салынды. Бұл күнді оқушылар, ата- аналар мен ұстаздар көп күткені анық. Жаз бойы алаңсыз демалған балалар жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайды. Дәл қазір мерекелік іс шара өтіп жатыр. Орыс тілінде білім беретін мектепте биыл алғаш рет қазақ тілді бірінші сынып ашылды. Оған 25 оқушы қабылданды. Ағымдағы жылдың соңына дейін қалада 33 мың орындық 20 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жалпы жаңа мектептер «Қарасу», «Самғау», «Шұғыла», «Құрамыс», «Теректі» шағын аудандарында ашылады. Сондай ақ қаладағы 180 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді.