БҚО-да референдум өтетін 496 сайлау учаскесі дайын

Батыс Қазақстан облысында атом электр стансысының құрылысына қатысты референдумға 496 сайлау учаскесі дайын, деп хабарлайды 24KZ.

Оралда Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен саяси науқанды өткізудің маңызды міндеттері талқыланды. Қатысушыларға заңнамадағы елеулі өзгерістер туралы айтылды. Халықаралық бақылаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері, оларды аккредиттеу, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібі түсіндірілді. Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов: «Өңірдегі әріптестеріміз үшін аталған міндеттерді білу өте маңызды», – дейді.

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі:

- Сауал салудың қортындысын референдум болатын күнге дейін кемінде 5 күннен бұрын және референдум болатын күні жариялауға болмайды. Осындай тағы да бірнеше талап бар. Өкінішке қарай, қазірдің өзінде кейбір осындай қоғамдық пікірге сауал салатын, жұмысты ұйымдастыратын ұйымдар тарапынан заңбұзушылық орын алып жатыр.