Павлодарда жылыту маусымы басталды

Павлодарда жылыту маусымы жылдағыдан ерте басталды, деп хабарлайды 24kz.

Жүздеген балабақша, мектеп, және емдеу мекемелеріне жылу берілді. Өзге нысандар да кезең-кезеңмен жылу желісіне қосылып жатыр.

Айта кетсек, биыл облыс орталығында қысқы маусымға тыңғылықты дайындық жүргізілді. Ықшамаудандардағы жылуға қатысты мәселелер де шешімін тапты. Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір жөндеу іс-шаралары аяқталды. Енді 4-5 күнен соң тұрғын үйлерге де жылу беріле бастайды.

Жаннат Әлкеева, № 122 мектепке дейінгі гимназия әдіскері:

- Жылумен қамтамасыз ету 9 кыркүйекте басталды,балабақшаның іші жылы.Орташа нормасымен 20-22 градуста сақталынады. Балаларға өте жылы. Жылу құбырларымыз бәрі жылу беруге дайын болады.

Әнуарбек Аманов, қала әкімінің орынбасары:

- Ешқандай басқару түріне өтпеген 180 үй болған.Біз сондағы тұрғындармен ақылдасып, бір мәмілеге келдік. Өз іштерінен белсенділерін анықтап, олардың іс жүргізуіне көмектестік. Коммуналдық мекемелер де атсалысты. Енді барлық тұрғын үй жылу желісіне қосылуға дайын.