СҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге тұрғын үйлер табысталды

Солтүстік Қазақстан облысында тасқын су кезінде баспасынан айрылған тұрғындарға жаңа үйлер табысталып, халықтың бір бөлігі жөндеуден өткен қонысжайларға көшірілді, деп хабарлайды 24kz.

Баспана кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты. Осылайша, өңірдегі апат шығындарын өтеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Айта кетейік, бас-аяғы 1394 үй сатып алынып, 1899 баспана күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ Петропавлда 700 үй салынып, жаңа «Бірлік» шағын ауданы құрылды. Онда 173 баспана бой көтерді.