Жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр
Қазақстанның инфрақұрылымы жылыту маусымына дайын.
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Биыл жоспар бойынша 10 энергоблок, 55 қазандық және 45 турбина күрделі жөндеуден өтуге тиіс. Қазір бұл шаралар қарқынды жүріп жатыр. Электр желілерін де жаңарту жоспарланған.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Жылыту маусымын бастауға қазандықтар мен турбиналар дайын. Олар кесте бойынша әр әкімдік өзінің жылыту маусымын бастағанға жұмысқа дайын. Мысалы, Павлодар облысында әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. Бұған дәлел – барлық құралдардың дайындығы.