ШҚО-да мүгедек жандардың референдумға қатысуына жағдай жасалды

Шығыс Қазақстан облысында 488 мыңға тарта дауыс беруші тіркелсе, соның екі мыңнан астамы мүгедектігі бар жандар.

Арбаға таңылған тұрғындардың кедергісіз кіруі үшін пандустардың ыңғайлы болуы тексерілді. Ал учаскеге келген зағип жандар трафарет пайдаланып, референдум жайлы   аудиоақпарат   тыңдай алады. Онда   жалпыұлттық   іс-шара мен оның өту ережесі туралы  толық мәлімет бар. Сонымен қатар арбамен еркін кіру үшін кең кабиналар жабдықталып, көзі нашар көретіндерге қажетті лупа да қойылды. Облыста жалпы 33 учаскеде Брайль шрифті ұсынылса, 117 учаскеде сурдоаудармашы маман қызмет көрсетеді. 

Жанар Алқанова, ШҚО референдум комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Мүгедектігі бар адамдардың келіп кетуіне ыңғайлы жағдай тудыру үшін, облыс орталығында 10 және басқа елді мекендерде 6 инватакси қарастырылған. Телефон номерлері барлығында бар, назарларына жеткізілген олар өздерінің қадеттілігі бойынша шақырып, осы көмекке жүгінуіне болады.