Елордада 26 мың жас алғаш рет дауыс береді

Астанада 26 595 адам алғаш рет дауыс береді, деп хабарлайды 24kz.

Кәмелеттік жасқа толып, азаматтық таңдауын жасаған жастардың ішінде туған күн иелері де бар. Оларға референдум комиссиясының атынан сыйлықтар беріліп жатыр. «Осылайша, дауыс берушілердің өміріндегі ерекше сәтін естелікке толы еткізгіміз келеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Аружан Марат, дауыс беруші:

- Мен өз дауысымды бердім. Мен бұл тақырыпты өте көлемді жақтан қарастырдым. Тақырып жайлы басқа ақпараттарды да іздедім. Кейін өзімнің шешімімді жасап, дауысымды бердім. Және әрбір қазақстандық азамат осында келіп өз дауысын беру керек деп санаймын.