ШҚО-да бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы дауыс берді
Шығыс Қазақстан облысында қазақтың құсбегілік дәстүрін әлемге паш еткен Айшолпан Нұрғайыпқызы өзі тіркелген учаскеге келіп, дауыс берді.
Бозанбай ауылындағы бұл референдум учаскесінде 1175 дауыс беруші тіркелген. Ал Айшолпан өткен жылы Моңғолиядан осы елді мекенге көшіп келген еді. Қазақ өнері, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық сана дегенде ішкен асын жерге қоятын бүркітші қызға ел болашағына қатысты әр мәселенің маңызы зор. Сондықтан ол отбасымен бірге келіп, өз таңдауымды жасадым дейді
Айшолпан Нұрғайыпқызы, бүркітші:
- Жалпы өзіміздің шешім қабылдай алатын бір қоғам қалыптастыруымыз керек. Өйткені бұл нәрсені бір адам ғана шеше алмайды, халық боп қоғам боп шешуіміз керек, сол үшін неге бұған әр адам кеп дауыс бермеске. Сол үшін кеп мен де өз дауысымды, пікірімді бердім.