102 жастағы әжей дауыс берді

Жамбыл облысының ең егде жастағы тұрғыны дауыс берді.

102 жастағы Күлия Үсенова Ақбұлым ауылында тұрады. Қарт ана № 465 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Маңызды науқанда белсенділік танытқан әже 1922 жылы дүниеге келген. Кейуана, референдум учаскесіне арнайы келіп дауыс беру, өз елін сүйетін әрбір азаматтың борышы, деп есептейді. Ал учаскелік комиссия мүшелері әжейге алғысын айтып, шағын сыйларын табыс етті.

Күлия Үсенова, Ақбұлым ауылының тұрғыны:

- Өзім келдім арнайы дауыс берейін деп. Еліміз аман болсын. Халқымыз тыныш болсын. Ұдайы осындай бейбітшілік болсын. Бәрімізге Алла тыныштық берсін.