Елімізде 826 мың тонна азық-түлік қоры сақтаулы

Қазір республика бойынша 826 мың тонна азық-түлік қоры сақтаулы, деп хабарлайды 24kz.

Оның ішіне әлеуметтік маңызы бар тауарлар да кіреді. Сондай-ақ сауда орындарында 214 мың тонна, ал өнім өндіруші кәсіпорындарда 270 мың тонна, қоймаларда 100 мың тоннадан астам азық-түлік қоры бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері ішкі нарықта тапшылық жоқ әрі тұрғындардың тұтынуы үшін тауар жеткілікті екенін хабарлады.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне 19 түрлі азық-түлік кіреді. Бұл – халық анағұрлым көбірек тұтынатын ұн, макарон өнімдері, күріш, ет, сүт өнімдері, сары май, сұйық май және басқа да тауар түрлері.