Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылды
Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды 24kz.
Бұған қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша елеулі кемшіліктердің болуы негіз болған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Талғарда төбелестен 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан еді. Оқиға қоғамда резонанс туғызып, оннан аса азамат күдікті ретінде ұсталды. Прокуратура тергеудегі тәртіпті қадағалайтынын жеткізді.