Израиль тұтқындарды босатуға күш салады

Израиль үкіметі Газа секторындағы тұтқындарды босатудың жаңа амалын талқыға салды.

Бұл туралы Премьер-Министр Кеңсесінің кеңесшісі Дмитрий Гендельман ТАСС-қа берген сұхбатында айтты. Әзірге бұл жоспардың нақты қалай болатыны белгісіз. Юнет ((Ynet)) порталының дерегі бойынша кездесу барысында министрлер анклавтағы атысты тоқтатып, тұтқындарды босату келісіміне ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвардың өлімі қаншалықты кері әсері ететінін талқылаған. Үкімет мүшелері Қатар келіссөз жүргізуші ел ретінде Хамасқа ықпал етеді деп сенеді. Израиль тарапының соңғы дерегіне сәйкес, қазір Газада 101 адам Хамастың тұтқынында отыр.