Алматыда Республика күніне орай флешмоб өтті

Республика күніне орай флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.

Алматы қаласында 12 мектептің 200-ден аса оқушысы саябақта сап түзеп, қолына жалау алып, әнмен бірге тербелді. Флешмобтың мақсаты – еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған сәтті, тәуелсіздіктің бастауы болған күнді айшықтау. Ұлттық мерекені ұлықтау Президент саябағында өтті. Балалар флешмоб соңында 7 метрлік туды жайып, «Республика күні құтты болсын!» деп ұрандатты. Шара оқушылар мен мұғалімдердің бастамасымен ұйымдастырылған.

Адель Ыбыраева, №105 гимназия оқушысы:

- Республика күні бұл Қазақстан тарихының бір ең үлкен мерекесі. Бұл флешмобты біз №105 гимназиямен ұйымдастырғанбыз. Біздің мақсатымыз – қазақ халқының рухын көтеру, біздің тарихымызды еске алу.

Жанар Нұғыманова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Өскелең ұрпақ үшін еске түсіріп тұру керек, мыңыздылығы сол. Ұмытпау керекпіз, егемен ел екенімізді есімізге түсіріп тұру керек. Қазақ халқы үшін дүркіреген мереке болу керек деп ойлаймын.